БҚО-да көктайғақ салдарынан жүк көлігі жол жиегіне шығып кетті

Батыс Қазақстан облысында көктайғақ салдарынан ауыр жүк көлігі жол жиегіне шығып кетті, деп хабарлайды «Хабар 24».

Оқиға Самара – Шымкент трассасында болды. Түрік азаматы тізгіндеген көлікке 20 тонна жүк тиелген. Құтқарушылар жедел жетіп, көлікті тас жолға шығарды. Жүргізуші зардап шекпеген.

Айта кетейік, әзірге өңірде барлық бағыттағы жолдар ашық. Десе де, мамандар шұғыл жағдай болмаса сапарға шықпауды сұрайды. Аймақта құбылмалы күн райы тұр. Соңғы тәуліктерде аяз күшейіп, ауа температурасы 26 градусқа дейін төмендеді.

Нұралы Мүсиев, облыстық ТЖД бас маманы:

- Облысымызда жолдарда тайғақ. Сонымен қатар тұман облысымызда. Соның салдарынан жаңағыдай автокөліктердің жолжиегіне шығып кету оқиғалары тіркелуде. Алыс жолдан бас тартуларыңыз сұралады.