Нұр-Сұлтанда әйел көшедегі үш метрлік құдыққа түсіп кетті

Нұр-Сұлтанда  әйел 3 метрлік құдыққа құлап кетті. Оқиға Қабанбай батыр көшесінде болған.

Төтенше жағдайлар қызметіне жайсыз хабар күндізгі сағат 10:20 шамасында түскен. 9 адам және 2 техникадан құралған арнайы жасақ 10 минут ішінде шақырту орнына жетеді. Жазатайым жағдайға душар болған 48 жастағы тұрғын өз бетімен құдықтан шыға алмаған. Абырой болғанда, сол маңнан өтіп бара жатқан адамдар байқап, көмекке ұмтылған. Қазір оның денсаулығына қауіп төніп тұрған жоқ.