Алматы облысында ауыл тұрғыны итті көлікпен сүйреді

Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданындағы Бәйтерек ауылының тұрғыны өз итін көлігіне байлап сүйреген.

Оқиға куәгерлері болған жағдайды бейнетаспаға түсіріп әлеуметтік желіде жариялады. Белгілі болғаны 52 жастағы ер адам төбетін жүгіртіп жаттықтырған. Бейнежазбаға байланысты облыстық полиция департаменті мән-жайды анықтауға кірісті.