Павлодарда жедел жәрдем көлігі мен жол талғамайтын автокөлік соқтығысты

Бағдаршамның қызыл түсіне өтіп кеткен көлік жол апатына себепші болған, деп хабарлайды «Хабар 24».

Зардап шеккен медицина мамандары мен науқас ауруханаға жатқызылды. Қазір жол апатының себеп-салдары анықталып жатыр. Осы оқиғаға қатысты тексеру шаралары басталып кетті. Ал ауруханаға түскен науқастың жағдайы бірқалыпты дейді дәрігерлер.