Елордада Оқушылар сарайының маңында сауда дүңгіршегі өртенді

Елорданың оң жағалауында сауда дүңгіршегі өртке оранды, деп хабарлады ҚазАқпарат.

«Бүгін таңертеңгі сағат 08:59-да Мәмбетов көшесі 1 ауданында Оқушылар сарайына жақын маңда өрт болып жатқаны туралы хабарлама түсті. Өрт сөндіру бөлімшесі оқиға орнына жеткен кезде сауда дүңгіршегінің өртеніп жатқаны анықталды. Құтқарушылардың жедел әрекетінің арқасында қызыл жалын сағат 09:12-де сөндірілді. Жалын 10 шаршы метр аумақты шарпыды. Зардап шеккендер мен қаза тапқандар жоқ. Өртті сөндіруге жеке құрамның 2 техникасы мен 11 маманы жұмылдырылды», - деп хабарлады Нұр-Сұлтан қалалық Төтенше жағдай департаментінің баспасөз қызметі.