«АрселорМиттал Теміртау» шахтасында апат болды: машинист іздестірілуде

Қарағанды облысында Ленин атындағы шахтада төтенше жағдай болып, 136 адам шұғыл жер үстіне шығарылды.

Бір адам іздестіріліп жатыр. Оқиға кеше түнгі уақытта болған. Кеншілердің бұрғылау жұмыстары кезінде шамадан тыс газ  бөлінген. Салдарынан бұрғылаушылар бригадасы жедел қауіпсіз жерге шығарылған. Алайда сол бұрғылау қондырғысының машинисі қалып қойған. Дәл қазір кен орнындағы газ мөлшері қайтадан нормаға келген. Құтқару операциясы жүріп жатыр.

Кеңгірбай Есенеев, ҚР ТЖМ Өнеркәсіптік қауіпсіздік комитетінің Қарағанды облысы бойынша департамент басшысының орынбасары:

– Жапа шеккендерді құтқару бойынша жедел әрекет етіп, 2 азамат жедел жәрдеммен Шахтинск қаласының ауруханасына жеткізілді. Ал үшінші азамат үйінділер арасынан іздестіріліп жатыр. Қазір арнайы комиссия құрылып, апаттың неден шыққаны туралы мәселенің мән-жайын анықтауда.