Алматыда троллейбустың қатысуымен жол апаты болды

Алматыда троллейбус жол апатына ұшырады, деп хабарлады ҚазАқпарат.

«Жол апаты күндіз 10:30-да болған. МАЗ көлігінің жүргізушісі Байзақов көшесімен оңтүстікке бағыт алып келе жатып троллейбустың тізбегін үзіп жіберген. Соның салдарынан троллейбус артқа жылжып кетіп, 4 көлікпен соқтығысқан. Олардың біреуі артта келе жатқан, қалған үшеуі жол шетінде тұрақта тұрған», - деді қалалық ПД баспасөз қызметінен.

Жол апатынан ешкім жарақат алған жоқ. Бұл дерек Алмалы аудандық ПБ тексеруіне жатыр.