419,54 511.30 5.71
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

«Хабар» арнасынан «Кім мықты?» зияткерлік сайысы көрерменге жол тартады

  • 59
  • UPD: 19:28, 14.01.2021

Алдағы сенбі күні «Хабар» арнасында «Кім мықты?» зияткерлік жобасының екінші маусымы  көрерменге жол тартады, деп хабарлайды «Хабар 24».

Жобаның мақсаты – жас буын мен алдыңғы буын өкілдерінің білім деңгейін сарапқа салу, сол арқылы тәжірибе алмасып, байланысты нығайту. Көрермен арасында сұранысқа ие болған бағдарламаның екінші маусымындағы жаңалықтар туралы арна тілшісі айтып береді.

Гүлжан Көленқызы, тілші:

- Жас буын мен үлкендер арасында кімнің көп білетіні туралы жиі дау туып жатады. Үлкендер өз заманындағы нақты ғылымды алға тартып, білімін дәлелдеуге тырысса, оқушылар, мектеп бағдарламасындағы есепті шығара алмаған ата-анасын қылжаққа айналдырып жатады. Жаңа жобада осындай тартыс шынайы көрініс табады.

Әсел Түсіпова, ата-ана:

- Балама «квадраттың кубы» деген сұрақ келді. Мен ойладым, балам білмей қалатын шығар деп, уайымдап тұрдым. Ойынның шартында бала жауап бере алмай қалса, ата-анасы көмектесу керек болды. Егер балам сүрініп білмей қалса, мен көмек бере алмайтын шығармын деп уайымдап тұрдым. Жоқ, сөйтсем балам біледі екен.

Ия, сайыс барысында үлкендердің жүйкесі сынға түсетін сәт аз емес. Зияткерлік ойын 6 кезеңнен тұрады. Онда логикалық сұрақтар да, командалық білікті талап ететін тұстар да бар.

Елнұр Сембай, 7-сынып оқушысы:

- Көбінесе логикалық сұрақтарға жауап бердім. Маған математика мен қазақ тілінен сұрақтарға жауап бердім. Маған тарихтан қиын болды сұрақтар. Мүлде мен білмейтін сұрақтар келді. Бірақ соған қарамастан, біз мамаларымызбен бірдей мәреге жеттік.

Пандемияның өмір сүру салтымызға өзгерістер енгізгені анық. Қашықтан оқуда ата-аналар балаларымен бірге сабақ оқып, білім берудегі жаңашылдықтармен танысты. Сондықтан «Кім мықты?» зияткерлік сайысы екі буынның да білім көкжиегін арттырып, өсіп келе жатқан жастарға жол көрсетер темірқазық болары анық.

Нұрсұлтан Құрман, бағдарлама жүргізушісі:

- Дәл осындай форматтағы жобаның, сол мектептегі өздерінің әріптестерінің көре отырып, мотивация болады. Және оларға кішігірім мессендж болады деп ойлаймын. Яғни, сол мектепте алып жатқан біліңмен-ақ көтерілуге боады. Өзіңді көрсетуге болады. Өздерінің бір жолыңды тапсаң болады деген сияқты.

«Кім мықты?» бағдарламасының екенші маусымы сенбі күні күндізгі сағат 11:00-де «Хабар» телеарнасынан көрсетіледі.

Авторлары: Гүлжан Көленқызы, Эдуард Кон

Хабар 24 телеарнасы