Самара – Шымкент трассасында жеңіл көлік пен жедел жәрдем көлігі соқтығысты

14 қаңтар күні сағат 08:20-да «Самара – Шымкент» автожолында жедел жәрдем көлігі мен жеңіл көлік соқтығысып қалды.

Хромтау ауданы Аққұдық кенті аумағындағы тас жолда 35 жастағы «КИА» автокөлігінің жүргізушісі рөлді басқара алмай, Әйтеке би ауданының орталық аудандық ауруханасына тиесілі «Уаз» автокөлігімен соқтығысқан.

Жол-көлік оқиғасының нәтижесінде жедел жәрдем жүргізушісі мен жолаушы, түрлі дене жарақатымен ОАА қызметкері Хромтау қаласының ОАА жеткізілді. Бірнеше сағаттан кейін «Уаз» автокөлігінің 58 жастағы жолаушысы есін жимастан қайтыс болды.

Жол-көлік оқиғасы фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.

Полиция департаменті жол көлік ережелерін сақтауды, белгіленген жылдамдық пен қозғалыс аралығынан аспауды, жылдамдық режимін сақтауды ұсынады.