Волонтерлер: Аң терісіне бола түз тағыларын өлтіріп жатыр

Тар қапасқа қамалған түз тағысын волонтерлар сатып алды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Болған оқиғаны бейнетаспаға түсірген белсенділер оны әлеуметтік желіге жүктеген. Бейнежазбада арып-ашып, шошынған аңнан бөлек қабырғада қасқыр терісі ілініп тұрғаны көрінеді. Тағы бірнеше қарсақ есік алдында жатыр. Онымен қоса, үй ішінде мысық тұқымдас аңның қатырылғаны байқалады. Волонтерлер «аң терісіне бола түз тағыларын өлтіріп жатыр» деген мәлімдеме жасады. Қоғамда қызу талқыға түскен мәселеге қатысты облыстық Полиция департаменті тергеп-тексеру амалдарын бастады.

Ернар Сайділдин, облыстық ПД ресми өкілі:

- Қазіргі уақытта Талғар аудандық ПБ тексеру іс шараларын жүргізуде. Нәтижесі бойынша қолданыстағы заңға сәйкес шаралар қабылданатын болады.