Ақтөбедегі автогараждардың бірінде өрт шығып, ер адам зардап шекті

Ақтөбедегі автогараждардың бірінде өрт шығып, 50 жастағы азамат зардап шекті, деп хабарлайды «Хабар 24».

Денесін күйік шалған қала тұрғыны қазір жедел медициналық жәрдем ауруханасының реанимация бөлімінде жатыр. Мамандардың айтуынша, оның жағдайы орташа деңгейде. Оқыс оқиға облыс орталығының Әуе қалашығы ауданындағы қаз-қатар орналасқан гараждардың бірінде болған. Кенеттен пайда болған жалын, көршілес ғимараттарды шарпып, бес гараж өртенді. Құзырлы орган өкілдері өрттің шығу шығу себебі мен келтірілген шығын көлемін анықтауға кірісті.

Бекет Айсұлтан, облыстық өрт сөндіру қызметінің баспасөз хатшысы:

- Алдын ала болжам бойынша ол жерде көлік газбен жүретін болғандықтанғ көлікті от алдыру кезінде қысқа тұйықталудан от шыққан болуы мүмкін. Ақтөбе облысы төт енше жағдайлар басқармасы қала тұрғындары мен қонақтарына өрт қауіпсіздігін сақтауды қатаң еске салады.