Семейде эпидахуал тұрақталып келеді

Семей қаласындағы эпидахуал тұрақталып келеді.

Бұл туралы санитарлық-эпидемиологиялық басқарма мамандары хабарлады. Өткен жылдың соңында 300 мыңнан астам халқы бар шаһарда қауіпті індет жұқтыру көрсеткіші артып, қала «сары» аймаққа кірген еді. Қаңтар айының басында күн сайын 30-35 науқас тіркелсе, соңғы бір аптада жағдай тұрақтала бастаған. Жалпы наурыз айынан бері қалада 3 мыңға жуық адам жұқпалы індетке шалдыққан. Карантиндік шектеу шараларын қадағалаумен 15 мобильдік топ айналысады. Олар осыған дейін 800-ге жуық рейд жасап, 264 құқық бұзушылық фактісін анықтады. 24 миллион теңге айыппұл салынды.

Берік Тлебалдин, қалалық санитарлық-эпидемиологиялық бақылау басқармасының басшысы:

- Бұдан 3-4 күн бұрын 15 жағдай тіркелді. Одан кейін 12 болды, одан кейін 10 болды, алдыңғы күні бесеу, одан алтау. Оның бәрі уақытында қарым-қатынаста болған адамдармен жұмыс жасау, оларды оқшаулау, ауырған адамдармен қатынаста болғандарды тексеріп, карантиндік ережелерді сақтағанның нәтижесі деп ойлаймыз. Бұрынғыдай көпшілік орында бетперде киіп жүру, әлеуметтік арақашықтық сақтау, көптеген жиын-тойларды өткізбеу мәселесі қатаң қадағаланады.

Сондай-ақ...