Павлодарда жалған арыз жазған адам жазаланды

Павлодар қаласының полициясына ер адамнан қоңырау келіп түскен. Шағымданушы өзінің көлігін бөтен біреу мініп кеткендігін жеткізген. 

Полицейлер жедел әрекет етіп, автокөлікті аулалардың бірінен тауып алған. Көлік жанына келгенде оның оталып тұрғанын байқайды. Ал көлік салонында ешкім болмай шығады. Кейін белгілі болғандай арызданушы мас күйінде автокөлігін қайда қойғанын ұмытып кеткені анықталған. Полицияға жалған арыз берушіге қатысты әкімшілік іс қозғалып, 30 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салынды.

Алматы облысының полицейлері ломбардты тонамақ болған ер адамды қылмыс үстінде қолға түсірді. Күдікті есікті бұзып, ғимарат ішіне кіргенде дабыл қағылған. Оқиға орнына Қарасай аудандық патрульдік полиция инспекторлары жетіп, тексеріс жүргізген. Соның нәтижесінде қораптардың артына тығылған ШҚО 32 жастағы тұрғыны ұсталды. Оған қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің 188-бабы бойынша іс қозғалды, деді ПД баспасөз қызметінің мамандары.  

Түркістанда тапа-тал түсте қала тұрғынын тонап кеткен. Полицияға арызданған әйел азаматша  базар маңында белгісіз ер адам оның сөмкесін тартып алып, қашып кеткенін жеткізген. Сөмкенің ішінде құжаттары және 350 000 теңгеден астам ақшасы болған. Полицейлер жүргізген жүйелі шаралар барысында бұрын сотталған күдікті қолға түсті. Белгілі болғандай ол осы іспен айналысуды әдетке айналдырған екен. Қолды қылған ашқаны  Жаңақорғанға барып өз қажеттілігіне жұмсап жүрген. Ал ақша таусылғаннан кейін бұрынғы әдетін қайта жасауға Түркістанға келіп кетіп жүріпті. Осылайша жалпы Түркістан қаласында 3, Кентау қаласында 1 және Қызылорда қаласында 1 тонау қылмысын жасаған. Барлық жәбірленушілерге келтірілген шығын көлемі 3 миллион теңгеден асады. Күдікті өз кінәсін толығымен мойындады. Ол қамауға алынып сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды.

Шығыс Қазақстан облысында екі адам боранда адасып кетті. Олар Абылай ауылына қарай бет алғанымен  ауа райының қолайсыздығынан  межелі жеріне жете алмаған. Қар құрсауында қалған олар тоңбау үшін  көліктерінің салонында қағаз жағып жылынған. Құтқарушылар оларды дер кезінде тауып үлгерді. Көлік тас жолдан 15 шақырым жерде тұрып қалған. Оларға алғашқы медициналық көмек көрсетіліп, орталық аудандық ауруханаға жеткізілді. Тексеруден кейін дәрігерлер адасқандарды үйлеріне қайтарған.

Павлодар қаласының полициясына ер адамнан қоңырау келіп түскен. Шағымданушы өзінің көлігін бөтен біреу мініп кеткендігін жеткізген. Полицейлер жедел әрекет етіп, автокөлікті аулалардың бірінен тауып алған. Көлік жанына келгенде оның оталып тұрғанын  байқайды. Ал көлік салонында ешкім болмай шығады.  Кейін белгілі болғандай арызданушы мас күйінде автокөлігін қайда қойғанын ұмытып кеткені анықталған. Полицияға жалған арыз берушіге қатысты әкімшілік іс қозғалып, 30 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салынды.

Қызылорда қаласында қаржы пирамидасын құрып 152 жәбірленушіден 90 млн астам қаржы жымқырған алаяқ 5 жылға сотталды. Ол «WhatsApp» желісінде «Айшуақ» тобын ашып, қаржылық пирамида құрып, оған басшылық жасаған. Топқа қосылған бірінші қатысушылар алғашқы салымдарын салып, 40 пайыз үстемесімен  өз қаражаттарын қайтарып алып отырғаны белгілі болды. Жалпы айналымдағы қаржы 1 млрд 695 млн 538 мың теңгені құраған. Уақыт өте келе, артынан кірген пирамида қатысушыларына бос уәдені үйіп-төгіп, көзден таса болған.Еш жерде жұмыс  істемейтін, бұрын сотты болған ол тағы да заң алдында жауап береді.