414,77 504.70 5.64
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

БҚО-да желден әлеуметтік нысандардың шатыры ұшты

  • 230
  • UPD: 15:09, 15.01.2021

Батыс Қазақстан облысының Қаратөбе ауданында қатты желдің салдарынан бірнеше әлеуметтік нысан зардап шекті.

Мәселен, Жусандыой ауылында Жамбыл жалпы орта білім беретін мектеп-балабақша кешенінің шатыры ұшып кетті. Мектеп 1989 жылы салынған, ал 2007 жылы күрделі жөндеуден өткен. Сонымен бірге Қаратөбе ауылындағы аудандық орталық аурухананың жедел жәрдем корпусының да төбесіне айтарлықтай зақым келді. Қатты желден осы ауданға қарасты Алакөл ауылындағы медициналық пунктінің жылыту қазандығы орналасқан ғимараттың да шатыры ұшып кетті. Оқыс оқиғалар кезінде зардап шеккендер және жарақат алғандар жоқ.

Хабар 24 телеарнасы