Оралда пәтер өртеніп, 14 тұрғын эвакуацияланды

Оралда көп қабатты үйдің пәтерінен өрт шығып, 14 тұрғын эвакуацияланды, деп хабарлады mgorod.kz.

Өрт 15 қаңтарда сағат 4:00 шамасында болған. БҚО Төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің хабарлауынша, Гагарин көшесіндегі №46/1 үйдің үшінші қабатында орналасқан пәтер отқа оранған.

«Өрттің салдарынан 15 шаршы метр аумақта орналасқан пәтердің жиһаздары, жеке заттары және тұрмыстық техникалары жанып кетті. БҚО Төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлері 14 адамды эвакуациялады, оның үшеуі – балалар», - делінген.

Өрт 5:10-да толығымен сөндірілді. Өрттің себептері анықталып жатыр. Зардап шеккендер жоқ.

Оқиға орнында 12 өрт сөндіруші мен бес техника жұмыс істеді.