417,02 504.70 5.60
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Павлодар облысында ауылдарды қар басып қалды

  • 285
  • UPD: 18:00, 15.01.2021
Павлодар облысында ауылдарды қар басып қалды

Соңғы күндері ұйытқи соққан бораннан Павлодар облысында ауылдарды қар басып қалды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Май ауданында күртік қардың биіктігі бір метрге жуықтаған. Бұл көлік қозғалысына ғана емес, адамдардың да жүріп-тұруына да қолайсыздық тудырып отыр. Ауылдарды қардан тазарту жұмыстарына барлық күш жұмылдырылған. Аудан орталығы Көктөбе ауылынан 300 тоннаға жуық қар шығарылды. Биыл аудандық бюджет қаржысына қар күрейтін әмбебап техника алыныпты. Оның құны – шамамен 27 миллион теңге. Қазір ауыл арасындағы жолдардың қары күреліп жатыр. 

Естеріңізге сала кетсек, өткен жылы да Май ауданы қар құрсауында қалған еді. Ол кезде қардыңбиіктігі үш метрге дейін жеткен.

Асқар Шақарғалиев, май аудандық экономиканың нақты секторы бөлімінің басшысы:

–Қазір 11 елді мекенде қар тазалау жұмыстары жүріп жатыр. Барлық ауылдарға кіреберіс жолдар ашылды. Қыс маусымы басталы бері 286 тонна қар шығардық.

Хабар 24 телеарнасы