Елордалық полицейлер есірткі затын сатқан 36 жастағы ер адамды ұстады

Есірткі заттарын жеткізу арналарын және қылмыстық топтардың іс-әрекетін жоюға бағытталған іс-шаралар өткізу барысында Нұр-Сұлтан қаласында есірткі затын өткізу кезінде 36 жастағы ер адам ұсталды.

Бұл туралы Нұр-Сұлтан қаласы Полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлайды.

Үйдің ауласын тінту барысында «гашиш» буып-түйілген 8 полиэтиленді шағын пакеттер, сондай-ақ, үйдің ішінде салмағы 600 грамм «гашиш» екі полиэтилендік пакетте табылды.

Сондай-ақ полиция қызметкерлері саяжай қоғамдарының бірінде елордаға есірткі жеткізушіні – 50 жастағы қала тұрғынын ұстады. Үйін тінту барысында өткізуге дайындаған жалпы салмағы шамамен 1 келіні құрайтын «каннабис шайыры» салынған 50 сіріңке қорабы тәркіленді.

Ірі көлемде тәркіленген есірткінің жалпы салмағы 1,5 келі немесе 3500 бір реттік доза «гашиш» тәркіленді.

Аталмыш факт бойынша қылмыстық іс қозғалды. Ұсталған күдіктілер Нұр-Сұлтан қаласының Полиция департаментінің Уақытша ұстау изоляторына қамалды. Тергеу жүргізілуде.