414,36 504.70 5.62
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Елордада жоғалған жасөспірім табылды

  • 507
Елордада жоғалған жасөспірім табылды

Елордада кеше жоғалып кеткен 14 жастағы жасөспірім аман-есен табылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Жасөспірімнің жоғалып кеткендегіні кеше волонтерлер Instagram-парақшаларында жария еткен болатын.

«Барынша таратыңыздаршы. Сіздің таратқан ақпаратыңыз адамды тауып, біреудің өмірін құтқарып қалуға септігін тигізуі мүмкін. Егер қандай да бір мәліметтеріңіз болса, онда көрсетілген телефон нөмірлеріне қоңырау шалуларыңызды өтінеміз. Сонымен қатар сіз іздеу іс-шараларына, ақпаратты таратуға қатыса аласыздар», - деп өтінген еді жасөспірімді іздеуге кіріскен волонтерлер.

Бүгін жасөспірімнің табылғаны белгілі болды. Бұл жайында ақпаратпен волонтерлер бөлісіп, баланы іздеуге атсалысқан барлық жанға ризашылықтарын білдіреді. Жарияланған фотода «Табылды. Дін аман» деген қысқаға ғана жазба бар. Баланың қайда болғаны жайлы егжей-тегжейлі еш ақпарат жоқ.

Хабар 24 телеарнасы