Түркістан облысында карантинде көкпар ұйымдастырғандар жауапкершілікке тартылды

Облыстық полиция департаментінің қызметкерлері әлеуметтік желіге жарияланған видеоны зерделей келе, көкпардың Жетісай ауданына қарасты Жамбыл ауылында болғанын анықтады, деп хабарлайды «Хабар 24».

Ауыл тұрғыны карантиндік шектеулер мен санитарлық талаптарды бұза отырып, 200-ге жуық адамның басын қосып, көкпар берген. Осы іске қатысты әкімшілік хаттама толтырылды. Тәртіп сақшылары облыс тұрғындары мен қонақтарын карантин режимі мен санитарлық-эпидемиологиялық талаптарды бұзбауға шақырады.