Елордада ер адам әйелін пышақтап өлтіріп, содан кейін өзіне қол жұмсаған

16 қаңтарда астанадағы тұрғын үй кешендерінің бірінде кісі өлімі болды, деп хабарлады Нұр-Сұлтан қаласы ПД баспасөз қызметі.

Полиция пәтерлердің бірінде туыстар арасында жанжал болып, күйеуі әйелін пышақтап өлтіргенін, содан кейін ол әйелінің әпкесіне бірнеше пышақ жарақатын салғанын анықтады. Әпкесі пәтерден қашып шығып, көршілерін көмекке шақырды, олар полицияға хабар берген.

Сол уақытта ер адам пәтерге жасырынып, есікті кілттеп алған. Оқиға орнына келген полиция жасағы есікті ашып, пышақталған 46 жастағы әйел мен оның күйеуінің мәйітін тапты. Жедел жәрдем тобы ер адамның өлімін анықтады.

Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалды, тергеу амалдары жүргізілуде.