Аягөзде иіс тиген ана мен бала көз жұмды

Бүгін таңертең Аягөз қаласында жеке тұрғын үйде туысқаны үй иесінің 32 жастағы әйелін, сондай-ақ 2008 және 2013 жылдары туған екі ұлы мен 2015 жылы туған қызын тауып алды.

Әйел адам оқиға орнында көз жұмды, үш бала ауруханаға жатқызылды. Біраз уақыттан кейін 2008 жылы туған ұлы ауруханада қайтыс болды. Қазіргі уақытта екі бала ауруханада жатыр. Оқиға орнында өрт сөндіру зертханасының мамандары жұмыс істеп жатыр. Жазатайым оқиғаның болжамды себебі пештің тазаланбаған мұржасынан шыққан улы газбен улану болуы ықтимал. Бұл туралы ҚР ТЖМ ресми өкілі Талғат Уәли мәлімдеді.

Құтқарушылар улы газды сезу өте қиын екенін атап өтті, өйткені оның түсі де, иісі де жоқ. Уланып қалмас үшін пеш жабдықтары мен желдеткіштің жай-күйін үнемі бақылау керек. Пешті пайдаланар алдында әрқашан тартқышты тексеріп, абайлап жағу керек.

Осындай жағдайларды азайту үшін Аягөз ауданы ТЖ бөлімінің құтқарушылары пешті пайдалану кезінде қауіпсіздік шараларының алдын алу іс-шараларын тұрақты түрде жүргізеді, жылыту кезеңінің басынан бастап олар 14 000-нан астам тұрғын үйге барып, олардың иелерімен нұсқаулық өткізді. Әлеуметтік қорғалмаған отбасылардың үйлерінде 50 датчик орнатылды.

ҚР ТЖМ улы газдан қорғаудың басты тәсілі, негізгі қауіпсіздік шараларын сақтау екенін ескертеді, атап айтқанда:

- қатты отынмен жанатын пештерді пайдалану кезінде пеш қалыпты тарту үшін түтіндікті жаппаңыз;

- мұржа және пешті жиналған күйеден түрақты түрде тазалап отыру қажет (кем дегенде екі айда бір рет);

- жанып жатқан жылыту пештерін қараусыз қалдыруға болмайды;

- отын пештің сыртына шығып тұрған жағдайда оны тұтатуға болмайды;

- пештің мұржасын жөндеу жұмыстарын уақтылы жүргізіп отырған абзал.