423,91 504.32 5.82
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz

Жарылғыш зат туралы хабарлама: Қостанайда тұрғындар эвакуацияланды

  • 323
  • UPD: 16:45, 20.01.2021
Жарылғыш зат туралы хабарлама: Қостанайда тұрғындар эвакуацияланды

Қостанайда жарылғыш зат туралы хабарламадан соң 18 тұрғын эвакуацияланды.

Бүгін белгісіз ер адам Лермонтов көшесіндегі 18-үй жарылатыны туралы хабар таратып, полиция бөлімшесіне қоңырау шалған. Оқиға орнына арнайы қызмет жасағы шығып, үй тұрғындарын қауіпсіз жерге көшірді. Бір жарым сағатқа созылған тексерулер барысында мамандар жарылғыш затты таппаған.

Полицейлер жалған ақпарат берген тұлғаны іздестіріліп жатыр. 

Авторы: Данияр Сұлтанұлы

Хабар 24 телеарнасы