Қарағандыда асхана өртенді

Елордалық полицейлер көпірден секірмек болған жас жігітті құтқарып қалды, деп хабарлайды «Хабар 24».

ҚАРАҒАНДЫ АСХАНАДАН ӨРТ ШЫҚТЫ

Қарағандыда асхана өртенді. Тілсіз жау 200 шаршы метр аумақты шарпып, шатырын құлатты. Құтқарушылар ғимараттың ішінен екі газ баллонын алып шықты. Абырой болғанда, зардап шеккендер жоқ. Қазір өрттің себеп-салдары анықталып жатыр. Қызыл жалынмен күресуге 40 маман мен 10 бірлік техника жұмылдырылды.

ӨЗ-ӨЗІНЕ ҚОЛ САЛМАҚ БОЛҒАН ЖІГІТ АМАН ҚАЛДЫ

Елордалық полицейлер көпірден секіріп өз-өзіне қол салмақ болған жігітті құтқарып қалды. Оқиға орнына келген тәртіп сақшыларының бірі оны әңгімеге тартып, екіншісі құшақтап ұстап алған. 26 жастағы қала тұрғыны ауруханаға жеткізіліп, медициналық көмек көрсетілді.  

КӨЛІК АЙДАП КЕТКЕН ЖІГІТ ҰСТАЛДЫ

Алматы қаласында көлік ұрлаған ер адам ұсталды. 30 жастағы қала тұрғыны дүкеннің алдында оталып тұрған темір тұлпарды мініп кеткен. Бұл туралы хабар алған тәртіп сақшылары оны 15 минуттың ішінде қолға түсірді.

ЖҮГЕНСІЗ ЖҮРГІЗУШІ ЖАЗАЛАНДЫ

Павлодар қаласында жол ережесін бұзған жүргізуші жазаланды. Ол туралы бейнежазба әлеуметтік желіде жарияланған. Облыстық полиция департаментінің қызметкерлері оны бірден тауып, 4 әкімшілік хатама толтырды.

СЫРТ КИІМ ҰРЛАҒАН АДАМ ҰСТАЛДЫ

Елордада сауда үйінен күрте ұрлаған жігіт ұсталды. 22 жастағы қала тұрғыны бутиктердің біріне кіріп, 91 мың теңгенің сыртқы киімін киіп кеткен. Күдікті ұсталып, кінәсін мойындады.