Алматыда есірткі жарнамалаумен айналысқандар ұсталды

Күдікке 25 және 26 жастағы екі тұрғын ілікті, деп хабарлайды «Хабар 24»

Олар құйтырқы әрекетін бүріккіш бояумен адам көп жүретін орындарда жүзеге асырып отырған. Ғимарат қабырғаларындағы жазуда есірткі затын сатып алатын сайт пен мекенжай анық көрінеді. Қазір бұзақылардың үстінен қылмыстық іс қозғалды. Ұсталған азаматтың екеуі де осы әрекеті үшін 3 жылдан 8 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.