Қызылордада қоғамдық көлікті мас күйінде басқарған жүргізуші ұсталды

Тексеру барысында әлгі азаматтың бұған дейін сот шешімімен көлік басқару құқығынан айырылғаны анықталды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Тәртіп сақшылары енді қылмыстық іс қозғауға кірісті. Оған қоса, жолаушылар тасымалдауға арналған автокөлік тиесілі мекемеге де әкімшілік хаттама толтырылады. Жалпы «Автобус» профилактикалық шарасы барысында 111 жол ережесін бұзу дерегі тіркелді.

Бақыт Молдабеков, жергілікті полиция басқармасы бастығының орынбасары:

- Сонымен қатар іс-шара барысында 11 автобус құралдары айып алаңына қойылса, 10 қоғамдық көліктің мемлекеттік белгілері алынды. Осы жағдайды пайдаланып қоғамдық көлік құралы жүргізушілерінен, жолаушылардан және жаяу жүргіншілерден жол ережесін қатаң сақтауларыңызды сұраймын.