Ақтауда ер адамды көлік қағып кетті

Ақтаудағы 26-шы ықшамауданда жол-көлік оқиғасы болды.

Бұл туралы lada.kz Маңғыстау облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлады.

Жол апаты 23 қаңтарда сағат шамамен 20:55-те болған. Көлік мешіт ғимаратының алдында ер адамды басып кетті.

«Toyota RAV4 көлігінің жүргізушісі реттелмеген жаяу жүргіншілер өткелінде жолдан өтіп бара жатқан жаяу жүргіншіні қағып кетті. Полиция қызметкерлері жүргізушіге қатысты ҚР «Әкімшілік құқықбұзушылық туралы» кодексінің 610-бабы бойынша әкімшілік хаттама жасады», - деп хабарлады.

Зардап шеккен адам Маңғыстау облыстық ауруханасына жеткізілді. Көлік айып тұрағына қойылды.