Елордада бойжеткен үшін жанжалдасқан жігіттер оқ атқан

Елордада бойжеткен үшін жанжалдасқан жігіттер үйдің ауласында атысқан.

Бұл туралы қалалық Полиция департаменті баспасөз қызметінен мәлім болды, деп хабарлады ҚазАқпарат.

«24 қаңтар күні 102 пультіне түнгі сағат 1:09 шамасында 19 және 23 жастағы екі ер адам атыс қаруынан алған жарақатпен қалалық ауруханаға жеткізілгені туралы мәлімет келіп түсті. Осыған дейін өзара таныс адамдар арасында қыз үшін төбелес болғаны, соның салдарынан қару қолданылғаны анықталды», - делінген полиция мәліметінде.

Белгілі болғандай, аталған жанжалға қатысқан барлық адам ұсталып, «Байқоңыр» ауданы полиция басқармасына жеткізілді. Аталған факт бойынша қылмыстық іс қозғалып, тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.