Жамбыл облысында газ баллоны жарылды: зардап шеккендер бар

Жамбыл облысында газ баллонының жарылуы салдарынан екі адам зардап шекті.

«2021 жылғы 23 қаңтарда сағат 16:20-да Жамбыл облысы ТЖД дағдарыстық жағдайлар басқармасына Жамбыл ауданы Шайқорық ауылындағы жеке тұрғын үйдің дәлізінде тұрған 3 литрлік газ баллонының жарылғаны туралы хабарлама келіп түсті. Шақырту орнында жану оқиғасы мен қирау болмаған. Алайда қабырғада жарықтар пайда болып, кіреберіс есік зақымданған», – делінген облыстық ТЖД таратқан мәліметте.

Салдарынан 1987 және 2007 жылдары туған үй иесінің балалары әртүрлі дәрежедегі күйікпен ауруханаға жеткізілді.

Оқиға орнына ТЖД-дан 11 қызметкер, жедел жәрдем бригадасынан 2 қызметкер, 4 полиция қызметкері барды.