419,66 501.30 5.64
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Алматыда автобус қағып кеткен жаяу жүргінші көз жұмды

  • 308
  • UPD: 12:00, 26.01.2021
Алматыда автобус қағып кеткен жаяу жүргінші көз жұмды tengrinews.kz

Алматыда жолды кесіп өтпек болған жаяу жүргіншіні автобус қағып кетті.

1971 жылғы азаматша оқиға орнында қаза тапты, деп хабарлайды Tengrinews.kz.

Оқиға 26 қаңтарда таңертең Жандосов және Кекілбайұлы (Каблуков) көшелерінің қиылысында болды. Оқиға орнында түсірілген видео Instagram-да таралды. Кадрдан ЖКО орнына полицияның екі көлігі мен жедел жәрдем келгені көрініп тұр.

Полиция апат 08:00 шамасында болғанын хабарлады. 32 жастағы ЛиАЗ маркалы автобус жүргізушісі Жандосов бойымен шығыс бағытта келе жатқан.

«Кекілбайұлы көшесінің қиылысында автобус жаяу жүргіншіні қағып кетті. 1971 жылы туған азаматша жолды белгіленбеген жерден кесіп өткен. Оқиға орнынан шығысқа қарай 300 метр жерде жерасты өткелі, ал батыста жаяу жүргіншілер өткелі бар. Жол апаты салдарынан алған жарақаттан әйел адам оқиға орнында көз жұмды. Қылмыстық кодекстің 345-бабы 3-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Сараптама тағайындалды», – деді Алматы қаласы ПД анықтау басқармасының бастығы Олжас Шәріпов.

Хабар 24 телеарнасы