414,77 504.70 5.64
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Алматы облысында 8 жасар бала жүк көлігінің астына түсіп мерт болды

  • 250
  • UPD: 16:48, 26.01.2021
Алматы облысында 8 жасар бала жүк көлігінің астына түсіп мерт болды ustinka.kz

Алматы облысында жүк көлігі 8 жасар баланы қағып кетіп, салдарынан ол оқиға орнында көз жұмған, деп хабарлайды zakon.kz.

Алматы облысының Полиция департаменті жол-көлік оқиғасы бойынша сотқа дейінгі тергеу басталғанын атап өтті.

– Howo жүк көлігінің қатысуымен болған жол апатында 8 жасар бала оқиға орнында көз жұмды. Бұл фактіге қатысты бірқатар сараптама тағайындалды. Қылмыстық іс облыстық Полиция департаменті қызметкерлерінің қарамағында. Тергеу барысында барлық мән-жайлар анықталады, – деп нақтылады ведомстводағылар.

Ақтөбе облысында жол апатынан екі адам қаза тапты

Хабар 24 телеарнасы