419,41 505.95 5.69
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Алматыда есірткі сататын 250-ге жуық сайт анықталды

  • 174
  • UPD: 17:16, 26.01.2021
Алматыда есірткі сататын 250-ге жуық сайт анықталды фото: ult.kz

Алматы қаласының полицейлері жыл басынан бері есірткі саудасына қатысы бар 247 сайтты анықтап, бұғаттауға ықпал етті, - деп хабарлайды Polisia.kz.

«Жыл басынан бері Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері жедел-іздестіру іс-шаралары мен ғаламторды мониторингілеу барысында есірткі және психотроптық заттарды таратуға қатысы бар 247 сайтты анықтап, бұғаттауға бағыттады. – Сонымен қатар, өткен жылы синтетикалық есірткі шығаратын бес зертхана анықталып, жойылды. Барлығы есірткіні тікелей байланыссыз сатумен айналысқан бес күдіктінің қатысуымен екі ұйымдасқан қылмыстық топтың қылмыстық әрекеттерінің жолы кесілді. Тұтастай алғанда, есірткінің заңсыз айналымы саласында 400-ден астам адам қылмыстық жауапкершілікке тартылды және ұзақ мерзімдерге бас бостандықтарынан айырылды», - деп қорытындылады Алматы қалалық Полиция департаментінің бастығы Қанат Таймерденов.

Хабар 24 телеарнасы