Рудныйда бүлдіршін екінші қабаттан құлады

Оқиға болған кезде пәтерде үлкен әпкесі қонақ бөлмесін тазалап жүрген.

Осы кезде сәби ас үйдің терезесіне шығып алып, сыртқа құлап кеткен. Бала үйілген қардың үстіне түсіпті. Бұл жағдай оның өмірін сақтап қалды, деп хабарлайды облыстық ТЖД баспасөз қызметі.

Кішкентай қыз Рудный қалалық көпсалалы ауруханасына жеткізілді. Оның өміріне еш қауіп төніп тұрған жоқ деген қорытындыға келді дәрігерлер.

Авторы: Данияр Сұлтанұлы