ШҚО-да жантүршігерлік жол апатынан төрт адам қаза тапты

Шығыс Қазақстан облысында жол-көлік оқиғасынан 4 адам көз жұмды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

ШҚО Полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, оқыс оқиға Шемонаиха ауданындағы Өскемен-Шемонаиха-РФ тасжолының 88-шақырымында болған. Шемонаиха қаласынан Өскеменге қарай жолға шыққан КамАЗ 5320» көлігінің 32 жастағы жүргізушісі Рулиха ауылына қарай бұрылатын жерде ВАЗ 2112 маркалы көлікпен соқтығысқан.

«Жол-көлік оқиғасы салдарынан ВАЗ 2112 автокөлігінің 25 жастағы жүргізушісі және үш жолаушысы (31 жастағы әйел мен 29 жастағы екі ер адам) оқиға орнында мерт болды», – деп хабарлады ведомство өкілдері.

Аталған факті бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 345-бабы 4-бөлігімен (Көлiк құралдарын басқаратын адамдардың жол жүрісі немесе көлiк құралдарын пайдалану қағидаларын бұзуы) сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды. Бірқатар сот-медициналық сараптамалар тағайындалды, соның нәтижелері бойынша процессуалдық шешім қабылданады.