417,02 504.70 5.60
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

ШҚО-да экскаваторшының ұқыпсыздығынан тоғыз ауыл газсыз қалды

  • 177
  • UPD: 11:14, 28.01.2021
ШҚО-да экскаваторшының ұқыпсыздығынан тоғыз ауыл газсыз қалды instagram.com/zaisan_audany_akimdigi

Зайсан ауданының 9 елді мекені газсыз қалды.

Экскаваторшы байқаусызда газбен қамтамасыз ететін жоғары қысымды магистральді газ құбырына зиян келтірген.

Нәтижесінде 9 елді мекенде 2105 үйдегі 10505 тұрғын, 4 мектеп, 4 балабақша және 1 әкімшілік ғимарат газбен жылытусыз қалды.

Аудан әкімдігінің мәліметінше, қалпына келтіру жұмыстары қиын жағдайларда жүзеге асырылып жатыр, өйткені зақымдалған газ құбыры шағын өзеннің арнасы арқылы өтеді. Қалпына келтіру жұмыстарына 6 мотопомпа, АЦ-40, 1 КУНГ,басқада оннан астам техникалар, 50 адам жұмылдырылды.

«Барыс көл» ЖШС тарапынан барлық қажетті техника жұмылдырылды. Экскаваторшы жер қазу жұмыстары кезінде байқаусызда жоғарғы қысымды магистральді газ құбырын зақымдап алған. Барлық қалпына келтіру жұмыстары тиісті материалдармен, адамдар күшімен қамтамасыз етілген. Апат болған жерде аудан әкімі басқаратын штаб құрылып жұмыс істеуде. Жұмыс барысы аудан әкімінің жеке бақылауында», – делінген Зайсан ауданы әкімдігінің ресми парақшасында.

Ауылдық округ әкімдері 9 елді мекен тұрғындарымен өз үйлерін қатты отынмен және электр қуатымен жылытуға ауыстыру қажеттігі туралы түсіндіру жұмыстарын жүргізуде. 9 елді мекендердегі көмірі жоқ үйлерге көмір тасу ұйымдастырылды.

Хабар 24 телеарнасы