Шымкентте сауда үйінің қоймасы өртенді

Нысанның шатыры, ішінде сақталған азық-түлік және химиялық заттар жанып кеткен, деп хабарлайды «Хабар 24».

Қызыл жалын 80 шаршы метр аумақты қамтыды. Қазір шығын мөлшері есептеліп жатыр. Өрт кезінде ғимаратта ешкім болмаған. «101» пультіне төтенше жағдай туралы хабарлама сондағы күзетшілерден келіп түскен.

Сержан Әбдіханов, қалалық №3 өрт сөндіру бөлімі бастығының орынбасары:

– Оқиға орнына ТЖД 35 қызметкері, 5 дана техника жұмылдырылды. Өртте зардап шеккендер және қайтыс болғандар жоқ. Өрттің шығу себебі қазіргі таңда анықталуда.