Павлодарда ер адам лифт шахтасына түсіп кеткен

Павлодар облысының құтқарушылары лифт шахтасына түсіп кеткен ер адамды шығарып алды.

Оқиға 2021 жылдың 28 қаңтарында болды. 20 сағат 40 минутта Павлодар облысы ТЖ департаментінің «112» пультіне «Сарыарқа» қонақ үйінен хабарлама келіп түсті. Қонақ үй әкімшісінің айтуынша, ер адам осы қонақ үйде тұратын төртінші қабаттан лифт шахтасына құлап кеткен.

ТЖД баспасөз қызметінің мәліметінше, оқиға орнына құрамында 5 адам бар құтқарушылар дереу шықты және құралдардың көмегімен түрлі жарақат алған зардап шегушіні лифт шахтасынан шығарып алды. Одан кейін 1987 жылы туған ер адам жедел жәрдем қызметкерлеріне тапсырылды.