Павлодарда лифт шахтасына құлаған адамның жағдайы белгілі болды

Павлодардағы қонақ үйлердің бірінде лифттің шахтасына құлап кеткен ер адам №1 қалалық ауруханаға жеткізілген, деп хабарлайды Рavlodarnews.kz.

Облыстық денсаулық сақтау басқармасының мәліметі бойынша зардап шеккен азаматтың жағдайы орташа ауыр деп бағалануда.

«Жабық бас сүйек-ми мен омыртқа жарақаты тіркелген. Кеуде қуысының екі жағы зақымданған. Компьютерлік томография жасалды. Медицина қызметкерлерінің бақылауына алынған. Тиісті сараптамалар жүргізілуде», - дейді ведомствода.

Айтке кетейік, кеше кешке Павлодардағы «Сарыарқа» қонақ үйінде ер адам төртінші қабаттан лифт шахтасына құлап кеткен болатын.