Қостанай облысында 28 жастағы жігіт кісі қолынан қаза тапты

Оқиға Рудный қаласында болған. Бұл ақпаратты Қостанай облыстық полиция департаменті растады.

Рудныйдың 28 жастағы тұрғынының өліміне қатысты сотқа дейінгі тергеу жұмыстары жүріп жатыр, деп жазады alau.kz.

Тергеу амалдары барысында полиция қызметкерлері шаһардың 48 жастағы тұрғынын күдікті ретінде ұстады, ол бұрын сотты болған.

Алдын ала мәлімет бойынша, күдікті жанжал кезінде жігітке пышақ сұғып алған.