Сарыағашта карантинге қарамай дүркіретіп той жасағандар ұсталды

Мобильді топ Түркістан облысы Сарыағаш ауданында дүркіреп өтіп жатқан үйлену тойының үстінен түсті, деп хабарлайды «Хабар 24».

Банкет залында бір мезетте үш жүздей адам болған. Тойхана бұған дейін де карантин ережелерін бұзғаны үшін бірнеше рет ескерту алыпты. Енді мейрамхана иесі әкімшілік жауапқа тартылады. Бұған қоса, нысанның қызметін тоқтатуға қатысты экономикалық сотқа талап арыз жолданады.