419,66 501.30 5.64
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Қостанай облысында бір айда өрттен алты адам көз жұмды

  • 250
  • UPD: 09:03, 30.01.2021
Қостанай облысында бір айда өрттен алты адам көз жұмды

Қостанай облысында қаңтар айында алты адам өрттен көз жұмды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Оның біреуі – бала. Оқыс жағдайлардың басым бөлігі жеке тұрғын үй секторында тіркелген. Отты абайсыз пайдалану, пештерді орнату және электр қондырғыларын қолдану ережелерін бұзу қызыл жалынның тұтануына себеп. Киім кептіру, отын құрғатудың арты да қайғылы жағдайларға әкелген. Аймақта жыл басынан бері 82 өрт оқиғасы болды. Бұл былтырдың дәл осындай кезеңімен салыстырғанда 78 процентке артық. Осыған байланысты құтқарушылар тұрғындар арасында профилактикалық шараларды белсенді жүргізіп жатыр.       

Азамат Орынбаев, ТЖД бастығының орынбасары:

– Заңнамаға сәйкес өрт бақылау қызметкерлерінің тұрғын үй секторын тексеруге өкілеттігі жоқ. Сол себепті үйлерді аралап, тек ескертпе берумен шектелеміз. Егер қожайыны қарсы болмаса, онда пешті тексеріп, кеңес бере аламыз.

Хабар 24 телеарнасы