414,77 504.70 5.64
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Екібастұзда тұрақта тұрған көлік өртеніп кетті

  • 130
  • UPD: 19:33, 31.01.2021
Екібастұзда тұрақта тұрған көлік өртеніп кетті

Екібастұзда тұрақта тұрған автокөлік жанып кетті, деп хабарлады Pavlodarnews.kz.

Бұл туралы облыстық төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі мәлім етті.

«31 қаңтарда сағат 11:23-те №2 мамандандырылған өрт сөндіру бөлімінің байланыс пунктіне Екібастұз қаласында Жамбыл көшесі, 12 үй мекенжайы бойынша жеке тұрған тұрақта көліктің жанғаны туралы хабарлама келіп түсті. Шақыру орнына бірден ауысымдағы кезекші топ жіберілді», - деді ТЖД баспасөз қызметі.

Жекеменшік үйдің аумағында тұрған шлак блоктық тұрақта 1995 жылы шыққан Subaru маркалы автокөлігі жалпы ауданы 20 шаршы метрде және үй заттарының, тұрмыстық жиһаздың 5 шаршы метр алаңда толығымен жанып кеткені анықталды.

№2 кезекші ауысымның жедел әрекетінің арқасында 27 литр көлемдегі бір газ баллоны эвакуацияланды, осылайша, олар газ баллоны жарылуының алдын алды. Өрт жақын маңдағы жеке тұрғын үйге таралған жоқ. Қаза болғандар мен зардап шеккендер жоқ.

Хабар 24 телеарнасы