414,77 504.70 5.64
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Семейде 12 жасар баланың қолы ыстық батареяға қыстырылып қалған

  • 191
  • UPD: 22:29, 31.01.2021
Семейде 12 жасар баланың қолы ыстық батареяға қыстырылып қалған

Семейде құтқарушылар ерекше жағдайға тап болған балаларға көмектесті, деп хабарлады ҚазАқпарат.

ШҚО төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, Семейде 2009 жылы туған бала ата-анасымен бірге шаңғы базасынан оралғаннан кейін жылу батареясының жанына отырып, жылынбақ болған. Сол кезде аяқ астынан баланың бір қолы батареяның арасына қыстырылып қалған. Жақындары қанша тырысса да, жеткіншекке көмектесе алмады.

«Құтқарушылар қоңырау түскеннен кейін жедел оқиға орнына аттанып, баланы құтқарды. Ал апаттық медицина бригадасының дәрігері жасөспірімге медициналық және психологиялық көмек көрсетті. Жедел жәрдем қызметкерлері баланың күйіп қалған қолына дәрі жағып, таңып берді. Балақай ауруханаға жатудан бас тартты», - деп түсіндірді департаменттен.

Екінші оқиға Риддер қаласында болған. 15 жасар жеткіншек ағашқа өрмелеп шығып, сосын жерге түсе алмай қалған.

Арада бір сағат уақыт өткенде оның достары құтқарушыларды шақырған. Құтқарушылар үшінді сатының көмегімен баланы төменге түсірді. Иван ағашқа әткеншекті жөндеу үшін өрмелеп шыққан екен. ТЖД қызметкерлері ата-аналарға баланы қараусыз қалдырмай, әрқашан мұқият болу керектігін еске салады.

Хабар 24 телеарнасы