Павлодарда қонақ үйден 186 адам эвакуацияланды

Павлодарда қонақ үйде қоқыстың өртенуі себебінен 186 адам эвакуацияланды.

31 қаңтарда 21 сағат 03 минутта Павлодар облысы ТЖ департаментінің «101» пультіне Павлодар қаласындағы қонақ үйлердің бірінде өрт шыққаны туралы хабарлама келіп түсті. Оқиға орнына № 1 мамандандырылған өрт сөндіру бөлімінің өрт сөндірушілері бірінші болып келді. Он бір қабатты қонақ үйдің бірінші қабатында 10 шаршы метр алаңда қоқыстың жанғаны анықталды.

21 сағат 23 минутта өрт сөндірілді. Нысан адамдардың жаппай жиналатын орны болғандықтан, бір уақытта өрт сөндірушілердің сүйемелдеуімен баспалдақ маршымен 186 адам, оның ішінде 7 бала эвакуацияланды. Қаза болғандар мен зардап шеккендер жоқ.  Өрт 21 сағат 33 минутта толығымен сөндірілді. Оқиға орнында жеке құрамнан 40 адам және 10 бірлік техника жұмыс істеді.

Өрттің себебі - отты абайсыз пайдалану. Шығын жоқ.