Шымкентте сұйытылған газдың заңсыз экспорты анықталды

Шымкент қаласының екі тұрғыны сұйытылған газды заңсыз экспорттаумен айналысқан, деп хабарлайды «Хабар 24».

Олар үш жыл бойы Ауғанстан мен Тәжікстанға 700 тоннадан астам өнім жеткізген. Нәтижесінде мегаполистегі аудандық соты екі айыпталушыны үш жылға бас бостандығынан айырды. Мемлекетке жалпы сомасы 110 млн теңге болатын 721 тоннаға жуық сұйытылған газ қайтарылды.