414,77 504.70 5.64
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Ақмола облысының аумағында жол апатынан бес адам көз жұмды

  • 215
  • UPD: 20:39, 01.02.2021
Ақмола облысының аумағында жол апатынан бес адам көз жұмды

Ақмола облысының аумағында «Екатеринбург-Алматы» тас жолында жол-көлік оқиғасы болып, 5 адам көз жұмды, оның 2-уі кәмелеттік жасқа толмаған бала, деп хабарлайды ҚазАқпарат облыстық ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ведомствоның мәліметінше, қаңтардың 31-інде Астрахань аудандық полиция бөліміне түнгі сағат 23:22 шамасында Жамбыл ауылы маңында жол апаты туралы ақпарат түсті.

«Анықталғандай, «Екатеринбор-Алматы» күре жолының 1179 шақырымында Нұр-Сұлтан қаласына бағыт алған «ВМW X5» көлігінің 34 жастағы жүргізушісі алда жүріп бара жатқан «КамАЗ» көлігіне соқтығысқан. Салдарынан «ВМW X5» көлігінің жүргізушісі, 2 әйел жолаушысы мен 2 бала алған дене жарақатынан оқиға орнынды көз жұмды. Кәмелеттік жасқа толмаған тағы 2 бала Нұр-Сұлтан қаласының №2 қалалық ауруханасына жатқызылды», - деді ведомстводан.

Сот медициналық-сараптама «ВМW X5» көлігінің жүргізушісі оқиға болған кезде сау болғанын көрсетті.

«Қазіргі кезде, осыған байланысты ҚР ҚК 345 бабының 3 бөлігі «көлік құралдарын басқарған тұлғаның жол қозғалысы немесе көлік құралдарын пайдалану ережелерін бұзуы» бойынша сотқа дейінгі іс қозғалды», - деп толықтырды ведомстводан.

Хабар 24 телеарнасы