Алматыда жиырмаға жуық көлік жанып кетті

Алматыда көлік жөндейтін орыннан өрт шығып, жиырмаға жуық көлік жанып кетті, деп хабарлайды «Хабар 24».

Төтенше жағдай кеше кешкі ондар шамасында болған. Оқиға орнына жеткен өрт сөндірушілер тілсіз жаудың өзге де нысандарға жайылу қаупі барын байқады.  Соған сәйкес, әрекет етіп, өртті жедел тоқтатуға тырысты. Соның өзінде 600 шаршы метр аумақты өрт шарпыды. Ал ғимараттың жалпы аумағы 1300 шаршы метрді құрайды.

Абырой болғанда, зардап шеккендер жоқ және от жанында тұрған жанармай құю бекетіне жайылмады. Соңғы мәліметке сенсек, 20 автокөлік жанып кеткен. Тағы 4 автомобильге  зақым келді. Тағы 15 машина қауіпсіз жерге шығарылды. Қазір өрттің шығу себебі анықталып жатыр.