ШҚО-да жедел жәрдем қызметкерлері жол апатынан қаза тапты

ШҚО-да жедел жәрдем қызметкерлері жол апатынан қаза тапты

Шығыс Қазақстан облысында жүк көлігі мен жедел жәрдем көлігі соқтығысып, 2 адам қаза тапты, деп хабарлайды «Хабар 24».

Жол апаты Өскемен-Семей тас жолының бойында болды. Семейге қарай бет алған жүк көлігі боран мен көктайғақ кесірінен жолдың қарсы бетіне шығып кеткен. Салдарынан жедел жәрдем көлігіндегі 2 жолаушы қаза тапты. Ал жүргізушісі дене жарақатын алып, Семейдегі ауруханаға жеткізілді. Қазір сот сараптамасы тағайындалып, тергеу жұмыстары жүргізіліп жатыр.