Самара-Шымкент жолында тоқтатылған көліктен 328 қорапша есірткі табылды

Самара-Шымкент тас жолы бойында тоқтатылған шетелдік автокөліктен 328 қорапша есірткі заты табылды.

Заң бұзушы туралы жедел ақпарат Қызылорда облысының есірткі қылмысымен күрес басқармасы мамандарына жеткен. Жолаушының көлігін тексеру кезінде күдікті иісті өсімдікке толы 328 сіріңке қорапшасы табылады. Артынша жүргізілген сараптама нәтижесі тәркіленген заттың кептірілген марихуана екендігін дәлелдеді. Салмағы 1 келіден астам. Бұл қылмыстық дерек бойынша күдікті ретінде 39 жастағы Жаңақорған ауданының тұрғыны қамауға алынды. Тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.