419,41 505.95 5.69
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Алматыда баласымен жолдан өтіп бара жатқан әйелді көлік қағып кетті

  • 135
  • UPD: 10:18, 05.02.2021
Алматыда баласымен жолдан өтіп бара жатқан әйелді көлік қағып кетті Almaty.tv

Алматыда жаяу жүргіншілер жолынан балалар арбасымен өтіп бара жатқан әйелді көлік қағып кетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Қалалық полицияның мәліметінше, апат 4 ақпан күні болған.

«Кеше сағат 14:30 шамасында Toyota Camry автокөлігінің жүргізушісі Ганди мен Желтоқсан көшесілерінің қиылысында солға бұрыла беріп, жолдан өтіп бара жатқан жас ана мен сәби жатқан арбаны қағып кетті», – деді Алматы қаласы Полиция департаментінің анықтау бөлімінің бастығы Олжас Шәріпов.

1989 жылы туған азаматша мен оның нәрестесіне медициналық көмек көрсетіліп, ауруханаға жатқызылды. Аталған дерек бойынша Бостандық аудандық полиция басқармасы тергеу амалдарын жүргізіп жатыр.

Хабар 24 телеарнасы