Ақтауда өрт салдарынан 34 адам эвакуацияланды

4 ақпанда Ақтауда 17 шағын аудандағы 60-шы үйдің жертөлесінде өрт шықты.

Бұл туралы инАктау сайты Маңғыстау облысы Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлады.

Жертөледегі өрт электр сымдарының жануынан болған.

Қауіпсіздік мақсатында тұрғын үйден 34 адам эвакуацияланды. Сондай-ақ екі тұрғын құтқарылды.

«Жертөленің жалпы ауданы 50 шаршы метрді, өрттің ауданы 15 шаршы метрді құрайды. Зардап шеккендер жоқ», - деп хабарлады департамент.

Өрт бір сағаттан кейін сөндірілді.